Топи-топ!

Қандай аяқ-киімнің қауіпті екендігі туралы сөз қозғаймыз. Теледидардан көргеніммен бөлісейін. Жазғы мезгіл қыздар үшін аяқ-киімнің түр-түрін киюге мүмкіндік береді. Жай табан, өкшелі немесе ашық сандали… Ал олардың ішіндегі денсаулыққа зияндылары да бар екен.

Бірінші орында – «вьетнамки» деп аталатын жай табан аяқ-киім түрі. Жаздың ең «хитовый» аяқ-киімі десек те болады. Сонымен қатар кие салғанға да ыңғайлы… Алайда…

Дәл суреттегідей аяқ-киім адамның денсаулығына зиян. Біріншіден, оның адамның аяғын ұстап тұратын дұрыс табаны жоқ. Ол – «плоскостопие»-ге әкелуі мүмкін.  Екіншіден, қайта -қайта сүйрете бергеннен аяқтың табанына зақым тигізеді. Үшіншіден, адамның арқасын (осанка) қисайтуға апарады. Сондықтан осы секілді табаны жалпақ, дұрыс формасы жоқ, аяқты дұрыс ұстамайтын аяқ-киімдерден аулақ болған жөн. Ал егер ыстық күнде ашық аяқ-киімсіз қалай жүреміз десеңіз, бұл «вьетнамка»-лардың да дұрыс түрін таңдай білген абзал. Ең бастысы аяқтың формасын қайталайтын, дұрыс иілген табаны бар аяқ-киім алу керек.

Екінші кезекте – Оқуды жалғастыру

Уг…уг…уггиии…))

Аяқ-киімнің осы түрін шыққаннан бастап, жақтырмап едім… осы жылы жай түскендей, осы аяқ-киімге құмартып қалдым. Алматының жартысының аяғында  (мүмкін одан да көп) осы угги. Бәрін қызықтыратыны ең бастысы, жылылық пен ыңғайылық.

Угги-Австралиялық қой терісінен жасалған етіктер. Айтпақшы, уггиді әйелдер де ер адамдар да кие береді. Кішкентай балаларға арналған коллекциясы да бар. Жалпы уггидің жасалған материалының бір ерекшелігі бар дейді: 24 градусқа дейін баратын ыстықта аяққа жұмсақ суық беріп, ал қақаған 34 градустық суықта аяқты жылытады. Алайда рас, өтірігін білмедім, өзім сатып алғаннан соң, айтармын:) Бұл аяқ-киім жаңбырлы күнге келмейді және де көбісі оның тазалау машақаты көп деп айнып қалады. Алайда уггиді күту өте оңай. Ең бастысы оны ешқашанда жылы сумен жумау керек (тек суық сумен бүркіп қою). Ал жалпы сүйікті аяқ-киіміңізді суға төзімді етіп алуға болады. Ол үшін арнайы UGG Water & Oil Repellent деген спрейді қолдансаңыз болғаны.

Классикалық угги негізі мынадай болады:Ал бірақ қазір де оның түр-түрі бар. Мысалы, тоқылған: Оқуды жалғастыру

Үлбіреген әлем

Harper’s Bazaar журналы 2010 жылдың күз-қыс айларында қайда бармасаңыз да ең сәнді адамға айнала қалуыңыз үшін не кию керектігі жайлы кеңестер береді. Сонымен ең алдымен бұл сезонда ішік дейміз бе тері дейміз бе әйтеуір үлбіреген жұмсақ бір жағынан өте жылы «мех» сәнді. Ол киім бола ма, аксессуар бола ма осы бір элемент киіміңізге ерекше сән берері анық.

Қазір Алматының сән тенденцияларын қалт жібермейтін сәнқойлары көбінесе мыналар сияқты ішіктер киіп жүргенін байқайсыз: Оқуды жалғастыру

Қазақстанның «арт» бағытындағы дизайнерлері

Кеше, яғни 2010 жылдың 2 желтоқсанында, «Қазақфильм» киностудиясында Айгүл Қуандықова мен Нұрлан Төрехановтың біріге жасаған «Mechanical Piano» атты киім брендының жаңа коллекциясы көрсетілімі болды. Киім үлгілері «Ақ күз» («Белая осень») атты тақырыппен подиумға шықты. Коллекцияның негізгі түстері- ақ, қара, сұр. Подиум артынан алынған суреттер:

 

Бұл екі дизайнерден құрылған топ 1999 жылдан бері бұл брендті Еуропаға шығарып жүр. Ал 2008 жылы ақ-қара түсті коллекциясымен Миландағы Daniele Ghiselli-дің көктем-жаз  шоу-румына қатысқан.

Ал Алматыдағы дүкенін дизайнерлер «Ритц Палас» атты сауда үйіне орналастырыпты. Нұрланның жеке дизайнымен әрлендірілген бұл бутик өзінің ашық түстері мен көз тойдырарлық әшекейлерімен ерекшеленеді.

Қос дизайнер ендігі мақсат Еуропадағы (мүмкін Португалияда) өндірісті дамыту мен Парижға арнайы сөмкелер дайындауда дейді. Ендеше сәттілік!